ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шаралары: оңтүстік мегаполистің эпидемиологтары қандай кеңетер береді?

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шаралары: оңтүстік мегаполистің эпидемиологтары қандай кеңетер береді?

Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) - тұмау вирустарынан, түрлі респираторлық вирустардан-парагрипп, аденовирустар және респираторлық-синцитиальды вирустардан туындайтын, ауа-тамшылары арқылы берілетін және тыныс алу жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен қатар жүретін аурулардың жоғары контагиозды арулар тобы.

Инфекция ауа-тамшылары арқылы: жөтелгенде, түшкіргенде, қарым-қатынас барысында жұғады, сондай-ақ байланыс-тұрмыстық жолы арқылы: жалпы ыдыс-аяқтар, сүлгілер қолданған кезде, және де жуылмаған қолдар арқылы беріледі.

Алматы қаласында ағымдағы жылдың өткен 42 аптада жіті респираторлық вирустық инфекцияның 28 910 жағдайы тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш – 1351,60 құрады, бұл алдыңғы  аптаның  көрсеткішімен салыстырғанда 4,9%-ға төмен (көрсеткіш-1421,96). Аурудың 64,8%-ы балалар құрайды.

Тұмаудың алдын алудың ең тиімді тәсілі оған қарсы  екпе алу. Қалада тұмау ауруының алдын алу мақсатында жергілікті бюджет есебінен   «тәуекел топтағы» тұрғындарға (медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда медициналық бақылауға жататын балалар, алты айдан асқан жиі ауыратын балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) қызметтерін алушылар, жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместріндегі жүкті әйелдер, жүрек–тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша) тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. 

Жекеменшік медициналық орталықтарда ақылы негізде тұмауға қарсы егуді қалайтын тұрғындарды, оның ішінде әр салада жұмыс істейтін қызметкерлерді жұмыс берушілердің есебінен егеді.

Ағымадғы жылғы 19 қазанындағы жағдай бойынша 132 056 адам тұмауға қарсы егілді, оның ішінде  тәуекел тобына жататындар -  130 000 адам, жеке медициналық орталықтарды жұмыс берушілер есебінен – 1211 адам және 845 адам өз қаражаты есебінен егілген.

Айта кету керек, вакцинация халықты тұмау вирусын жұқтырудан қорғап қана қоймайды, сонымен қатар асқынулар мен өлім-жітімді айтарлықтай төмендетуге көмектеседі.  

Тұмауға қарсы екпе ағымдағы жылдың қараша айының соңына дейін жүргізіледі.

 

Алматы қаласының эпидемиологтары ЖРВИ/тұмаумен сырқаттанушылықтың өршуі кезеңінде специфиалық профилактикадан басқа, қала тұрғындарына спецификалық емес профилактиканың жалпы шараларын сақтауды ұсынады: 

- ЖРВИ-мен ауыратын науқастармен жанасудан аулақ болыңызю, ал егер байланыс сөзсіз болса, онда маска киіп, оксолин майын қолданыңыз;

- ауруға шалдыққан жағдайда үйде болу, өзін-өзі емдеумен айналыспау, медицина қызметкерін шақырып, отбасы ортасында немесе ұжымда болған кезде маска кию, дәрігердің тағайындауы бойынша ем алу қажет;

- түшкіру және жөтел кезінде аузыңызды қолыңызбен, майлықпен, орамалмен жауып, қолыңызды мүмкіндігінше жиі жуыңыз;

- иммундық жүйені арттыру: С витаминін және дәрігердің ұсынысы бойынша басқа дәрі-дәрімектерді қолдану;

- қашықтықты сақтау, көп адам жиналған іс-шараларға қатысуды азайту қажет, әсіресе ЖРВИ, тұмау ауруының көтерілуі кезеңінде, үй-жайларды ылғалды тазалау өткізіп, желдету керек;

- сырқаттанған балаларды ұйымдастырылған ұжымдарға, мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жібермеу.

 

Осы қарапайым ережелерді сақтау тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алуға көмектеседі.