Республика күнімен құттықтау!

Республика күнімен құттықтау!

Қымбатты достар!

Сіздерді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің атынан ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймыз!

25 қазан — біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл - ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 25 қазан - Республика күні күнтізбеге ұлттық мереке ретінде қайта енгізілді.

Осы мерекелі күнде сіздерге денсаулық және бақыт тілейміз. Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!


Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімі