Денге безгегі - тропикалық елдерде мекендейтін масалар арқылы тарайтын, тұмаудың ауыр түріне ұқсас инфекция. Қазақстанда бұл масалардың түрлері жоқ, бірақ біздің азаматтар эпидемиологиялық қолайсыз елдерге барған кезде жұқтырып алуы мүмкін.
Денге безгегінің белгілері қандай болуы мүмкін?
Ауру кенеттен дене температурасының 39 - 40 градусқа дейін көтерілуімен, қалтыраудың пайда болуымен, бел омыртқа сүйектері мен бұлшық еттерінің, құймышақ омыртқаның, тізе буындарының, іштік тік бұлшықеттерінің ауырсынуынан басталады. Өткір әлсіздік, бас ауруы, көз алмасының ауыруы, фотофобия, бас айналуы, тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы, құсу, ұйқысыздық, ауыз және еріннің құрғауы, аурудың ауыр түрінде қан кетуі мүмкін.
Бүгінгі таңда қай елдер Денге безгегі аурушандығына ықтималдылығы жоғары болып табылады?
Денге безгегі - климаты тропикалық және субтропикалық елдерде (Үндістан, Индонезия, Малайзия, Тайланд және т.б.) аурушаңдық мен өлім-жітімнің негізгі себебкері болып табылатын тропикалық ауру.
Денге безгегін жұқтырудың алдын алу үшін не істеу керек?
Денге безгегі аурушандығына ықтималдылығы жоғары елдерге барған кезде азаматтардың ауру жұқтыруына жол бермеу мақсатында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесі кеңес береді:
Денге безгегі аурушандығына ықтималдылығы жоғары елдерге барып қайтқаннан кейін маса шағу іздерін, бөртпелердің немесе кез келген басқа тері өзгерістерінің пайда болуын байқасаңыз, дереу дәрігерге қаралу керек.