Эмальды альфа және бета сәулелену көздері бар статикалық электрдің радиоизотоптық бейтараптандырғыштарын орнатуға және пайдалануға қойылатын талаптар

Эмальды альфа және бета сәулелену көздері бар статикалық электрдің радиоизотоптық бейтараптандырғыштарын орнатуға және пайдалануға қойылатын талаптар

Радиоизотоптық бейтараптандырғыштарға арналған эмальды альфа және бета сәулелендіру көздері (бұдан әрі - көздер) берік бекітіледі.

Көздердің радиоактивті заттармен бастапқы беткі ластануы альфа-активті изотоптар негізінде минутына шаршы сантиметрге 50 альфа бөлшектен (бұдан әрі – альфа/бөлшек/см2/мин), бета-активті изотоптар негізінде 200 бета/бөлшек/см2/мин аспауы тиіс.

Сақтау және пайдалану кезінде көздерден изотоптың бөліну жылдамдығы альфа-активті изотоптар негізіндегі көздер үшін айына 3,7 Бк/см2 артық емес, бета-активті изотоптар негізіндегі көздер айына 185 Бк/см2 аспауы көзделеді.

Радиоизотоптық бейтараптандырғыштың конструкциясы және оны дайындауға пайдаланылатын материалдар:

1) бейтараптандырғышты немесе машиналардың қандай да бір бөлшектерін алдын ала алмастан, сәуленің шығуы (бейтараптандырғышты жұмыс қалпынан жұмыс істемейтін қалыпқа ауыстыру) үшін терезені жылдам және ыңғайлы жабу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

2) сәуленің шығуы үшін терезенің ашық кезінде машиналардан бейтараптандырғышты және көздердің активті беттеріне қолдың жанасу мүмкіндігін болдырмайтын торды шешу мүмкіндігін болдырмайтын блоктаушы құрылғысы болуы тиіс.

Бейтараптандырғыштар машиналарға қызмет көрсететін операторлар тұрған жерден 1 метрден (бұдан әрі – м) жақын емес орналастырылады.

Бейтараптандырғыштан гамма- және тежегіш сәулелендіру дозасының қуаты 1 м қашықтықта сағатына 0,1 миллизиверттен (бұдан әрі – мЗв/сағ) аспауы тиіс.

Бейтараптандырғыштардағы көздер бекітіледі және пломбаланады.

Бейтараптандырғыштар зауыт нөмірі, шығарылған күні көрсетіле отырып таңбаланады және 1 м қашықтықтан жақсы көрінетін радиациялық қауіпсіздік белгілері қойылады. Блокталатын құрылғысы жоқ бейтараптандырғыштарға "Шешу алдында қақпақты жап!" деген жазу жазылады.

Бейтараптандырғыштың қолмен немесе аспаптармен жанасуға болатын сыртқы беттері бекітілмеген радиоактивті заттармен ластануына жол берілмейді.

Көздерді дайындауға техникалық шарттардың жобалары мынадай мәліметтерді:

1) көз дайындалған радиоактивті заттардың химиялық және радиациялық сипаттамасын (радиациялық қоспалардың мөлшері және изотоптық құрамы);

2) көздің негізгі изотоп бойынша салынатын немесе номиналды белсенділігін;

3) радиацияның ең жоғары деңгейі және ағымның тығыздығы бар жұмыс және сырт жағынан 10, 50 және 100 сантиметр (бұдан әрі – см) қашықтықта гамма-сәуленің дозасының қуаты және спектрлік құрамы және жұмыс жағындағы сондай қашықтықтарда бета-сәуленің спектрлік құрамын;

4) көздердің бүтіндігі сақталатын шекті термиялық және механикалық жүктемелерді;

5) көздердің коррозиялық беріктігі бойынша мәліметтерді;

6) сыртқы орта параметрлерінің экстремальды жағдайларында және пайдалану және тасымалдау кезінде техникалық шарттармен жол берілетін жүктемелерде көздерден изотоптың бөліну жылдамдығын;

7) тұтынушыларға оларды жіберу кезінде көздердің ластану беттерінің ең жоғары деңгейлерін;

8) пайдаланудың шекті шарттарын;

9) көздердің кепілдік берілген жарамдылық мерзімін;

10) пайдалану кезінде көздердің профилактикалық бақылау регламенті мен әдістемесін;

11) пайдалану кезінде көздерді профилактикалық тазарту регламенті мен әдістемесі;

12) бейтараптандырғыштарды пайдаланудың мақсаты мен жол берілген шарттарын;

13) көздердің типі (техникалық шарттарының атауы және нөмірі) және көздердің негізгі техникалық және санитариялық-техникалық сипаттамаларын;

14) бейтараптандырғыштың бетіндегі және сәуленің радиация деңгейі ең көп бағыттарға (жұмсақ рентгендік сәулелену мен бета-сәулеленуді ескере отырып) шығуы үшін терезе жабық және ашық болған кезде бейтараптандырғыштан 10, 50 және 100 см қашықтықтағы дозаның қуаттылығын.

Бейтараптандырғыштарды монтаждау және пайдалану бойынша нұсқаулық:

1) бейтараптандырғыштың мақсатын;

2) бейтараптандырғыштардың және сәулелену көздерінің қысқаша техникалық сипаттамасын;

3) бейтараптандырғыштарды тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың жол берілетін деңгейлерінің толық сипаттамасын;

4) бейтараптандырғыштың бетінде және сәуленің шығуы үшін терезе ашық және жабық кезінде 10, 50 және 100 см қашықтықтағы сәулелену дозасының қуатын;

5) бейтараптандырғыштың және көздердің сыртқы беттерін монтаждау және тазалау тәртібі мен осы жұмыстарды орындау кезіндегі жеке қорғаныш және жеке гигиена шараларын;

6) бейтараптандырғыштарды жөндеу және кәдеге жарату тәртібін;

7) бейтараптандырғыштарды есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды;

8) шағым-талап қою тәртібі мен кепілдіктерді;

9) бейтараптандырғыштарды орнату орындарын және адамдардың тұрақты болатын орындарына қатысты олардың бағдарын нұсқауларды;

10) бейтараптандырғыштар мен көздерді профилактикалық бақылау регламенті мен әдістерді қамтиды.

Бейтараптандырғыштың паспортында:

1) бейтараптандырғыштың шыққан күні мен зауыттық нөмірі;

2) бейтараптандырғыштағы көздердің саны және олардың реттік нөмірлері, сондай-ақ шыққан айы мен жылы, көздер паспортының нөмірі;

3) бейтараптандырғыш бетіндегі және 1 м қашықтықта сәуле шығуы үшін терезенің жабық кезіндегі дозаның ең жоғары қуаты көрсетіледі.

Көздердің паспорты кәсіпорында тіркеледі және оларды өткізген сәттен бастап 10 жыл бойы сақталады. Бейтараптандырғыштар паспорттары бейтараптандырғыштарды оларды пайдаланудың барлық кезеңінде қолданатын объектіде сақталады.

Қорытындылай келе, дайындаушы-кәсіпорын немесе бейтараптандырғыштарды жеткізуші бейтараптандырғыштардың журналда немесе бейтараптандырғыш нөмірі, көздердің саны, көздер мен бейтараптандырғыш жеткізілген кәсіпорындардың шыққан айы мен жылы картотекасында тіркей отырып, есепке алуды жүзеге асырады.