Медицина қызметкерлері арасында АИТВ/ ЖИТС алдын алу

Медицина қызметкерлері арасында АИТВ/ ЖИТС алдын алу

Медицина қызметкерлерінің АИТВ-инфекциясын жұқтыруы пациенттердің биологиялық сұйықтықтарымен жұмыс істеу кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану қағидаларын сақталмаған кезде, авариялық жағдайлар кезінде, тері жабындарының тұтастығы бұзылған немесе сұйықтықтардың шырышты қабықтарға түсуі кезінде мүмкін болады.

Денсаулық сақтау объектілерінің персоналы келесідей сақтық шараларын сақтауы тиіс: тірі кезінде немесе аутопсияда кесілген (немесе алынған) адамның тіндерімен және ағзаларымен (зақымданбаған теріден басқа); қанмен берілетін инфекциялар жұқтырылған эксперименттік жануарлардың тіндерімен және ағзаларымен; көзге көрінетін қан қоспасы бар сұйықтықтармен; белгісіз биологиялық сұйықтықпен жұмыс істеу кезінде.

Емдеуді анықтау, ұйымдастыру, еңбек режимін айқындау мақсатында жұмысқа орналасу кезінде АИТВ инфекциясына және 12 айда бір рет қанды қайта өңдеуге қатысатын инвазиялық емшаралар жүргізетін; гемодиализбен айналысатын; хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық профильді медицина қызметкерлері жатады, сондай-ақ ,диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін; клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалардың медициналық қызметкерлері.

Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің кәсіптік қызметпен байланысты АИТВ инфекциясын жұқтыру жағдайлары ауруханаішілік инфекция ретінде бағаланады. Мұндай жағдайларды АИТВ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі қызмет мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен бірлесіп тексеріс жүргізеді.

АИТВ инфекциясын жұқтырған, тері жабынының немесе сілемейқабықтың тұтастығының бұзылуымен байланысты медициналық шараларды орындайтын медицина қызметкерлері тері жабынының немесе сілемейқабықтың тұтастығымен байланысты жұмыстан басқа жұмысқа ауыстырылады.