Компьютерлер мен гаджеттердің балалардың денсаулығына негативтік әсері және алдын алу шаралары

Компьютерлер мен гаджеттердің  балалардың денсаулығына негативтік әсері және алдын алу шаралары

Қазіргі замандағы адамның өмірін планшет, телефон, компьютер сияқты заттарсыз елестету мүмкін емес. Компьютер мен балалар - бұл жыл өткен сайын нығайып келе жатқан тығыз қарым-қатынас, ал балалар болса заманауи технологияны ертерек меңгеруде.

 

Бірақ, балаларға компьютерлермен, гаджеттермен (смартфондар, планшеттер) үнемі қолдану қауіпсіз бе?

Әдетте, компьютердің, ноутбуктің алдында ұзақ уақыт болу, басқа бейне терминалдарды ұтымсыз пайдалану көздің көру қабілетінің нашарлауына, балалардың виртуалды әлемге психологиялық тәуелділігіне әкелуі мүмкін. Заманауи технологиялармен үнемі байланыста болатын балалардағы отырықшы өмір салты бұлшықет тонусының жалпы төмендеуіне, артық салмақтың пайда болуына және табиғи түрде иммунитеттің әлсіреуіне әкеледі, дұрыс таңдалмаған жұмыс позасы омыртқаның қисықтығын және қалып проблемаларын тудырады.

 

Компьютер баланың денсаулығына минималды зиян келтіруі үшін жұмыс орнын ұйымдастыруға қамқорлық жасау керек. Өз кезегінде санитариялық дәрігерлер келесі шараларды ұсынады:

  • Жұмыс орнын терезенің жанында, жұмыс аймағының жеткілікті жарықтандыруымен орналастыру ұсынылады; монитор оқушының көз алдында 60-70 см., қашықтықта, бірақ 50 см-ден жақын емес болатындай етіп орналастырылады.
  • Үстелдің жұмыс бетінің биіктігі (еденнен) 64 - 80 см шегінде реттеледі, үстелдің жұмыс бетінің ені 80, 100, 120 және 140 см; жұмыс үстелінде биіктігі кемінде 58 см, ені кемінде 50 см және тереңдігі кемінде 45 см болатын аяққа арналған орын болу керек.
  • Үзілістерді сақтау керек: сабақтар арасында 5-10 минут және әр 2-4 сағат сайын 30 минут. Жұмыс кезінде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі: әр 20-25 минут аралығында көзге арналған жаттығулар және үзіліс кезінде 40-45 минуттан кейін дене шынықтыру үзілісі жасалады.
  • Сонымен қатар, көз ауруларының алдын алу мақсатында көру қабілеті бұзылған балаларға көздің торлы қабығының тамырларын нығайтатын тағамдарды тұтынуы керек: қаражидек, қарақат, сәбіз. Рационда треска бауыры, көкөністер: ақжелкен, салат, аскөк, жасыл пияз болуы керек. Сондай-ақ, жыл сайын медициналық мекемелерде арнайы мамандардан профилактикалық медициналық тексеруден өту қажет.

 

Ересектер (ата-аналар, мұғалімдер) баланың компьютермен, планшетпен немесе смартфонмен өткізетін уақытын бақылауы керек. Кішкентай балаларға неліктен компьютерде ұзақ уақыт болмау керектігін қарапайым тілмен түсіндіру қажет. Балалардың бос уақытын мүмкіндігінше бірлескен іс-шаралармен, секциялармен, үйірмелермен және үй шаруасымен өткізген дұрыс.