Осындай ыстық ауа-райында құйылмалы балмұздақ несімен қауіпті болуы мүмкін?

Осындай ыстық ауа-райында құйылмалы балмұздақ несімен қауіпті болуы мүмкін?

Құйылмалы балмұздақ- эпидемиологиялық қауіпті өнім болып табылады. Ол жазда мезгілінде ең таңдаулы өнімге айналады, бірақ санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаса, ол ішек инфекцияларына немесе сальмонеллезге әкелуі әбден мүмкін. Патогендік бактериялар ағзаға  енген кезде диарея, жүрек айнуы және дене қызуын тудыруы мүмкін.

Көбінесе көше сауда нүктелерінің кәсіпкерлері аппараттарды өңдемейді, сатушыларда медициналық тексеруден өткен, гигиеналық дайындықтан өткен және жұмысқа рұқсаты бар жеке медициналық кітапшалары жоқ. Мұндай балмұздақты сату жуылмаған қолмен жүзеге асырылады, өйткені жақын жерде қарапайым жағдайлар жоқ - су, жуғыш заттар, сатушыға дайын қоспаны әкеліп, оны көшеде аппартақа құйып, бірнеше күн саудалайды. Сондықтан тұтынушыларға өндірушінің арнайы қаптамасына оралған балмұздақты алуды ұсынымыз.

Балмұздақты жасау тек арнайы өндіру орындарына рұқсат етіледі, ал өндіруге – шығару алдында тікелей сатуға рұқсат етіледі. Балмұздақты дайындайтын аппарат цехтың арнайы жабдықталған жуу бөлімінде өңдеуден өтіп және өнімді дайындаудың ережелері сақталуы тиіс. Балмұздақ жеу алдында, қолды жуу немесе қолды дымқыл майлықпен сүрту немесе антисептиктермен өңдеу керек (жеке гигиенаны сақтау). Осындай сауда сатық объектілер (сату орындары) елеусіз эпидемиялық маңызы бар топқа жататындықтан, жоспарлы тәртіп бойынша тексеруге жатпайды. Сатылған өнімнің сапасына толық жауапкершілікті осы өнімді сататын кәсіпкер өз мойнына алады.

Осыған байланысты, Алматы қаласының санитариялық дәрігерлері жеке кәсіпкерлердің, жеке және заңды тұлғалардың назарына құйылмалы балмұздақ сату кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаған жағдайда туындайтын салдары мен жауапкершілігі туралы хабарлайды.

Жұмсақ балмұздақ тұтынушыларына балмұздақты сатып алу кезінде, сатушыға қатысты келесі талаптардың орындалуын қарауды ұсынады:

- өнімді қабылдау, сақтау және сату шарттарының орындалуы;

- өнімдерді шығару кезінде бір реттік қолданылатын қолғаптарды қолдану, таза арнайы киімнің болуы;

- сатушының жеке гигиена ережелерін сақтауы.

 Жоғарыда аталған барлық ұсыныстарды сақтау өткір ішек инфекцияларын және тамақ улануын болдырмауға көмектеседі.