Жаңа туылған нәрестелердегі ірінді омфалиттің алдын алу

Жаңа туылған нәрестелердегі ірінді омфалиттің алдын алу

Омфалит (кіндіктің қабынуы) - бұл жаңа туылған нәрестелердің кіндік жарасы аймағында тері мен тері астындағы тіндердің қабынуымен сипатталатын ауру. Неонатальды патология құрылымында омфалит таралуы мен практикалық маңыздылығы бойынша жетекші орындардың бірін алады. Аурудың себебі бактериялар болып табылады.           

Іріңді-септикалық тері аурулары нәрестелік кезеңде басым болады. Олардың арасында стрептодермия және стафилодермия (везикулопустулез, нәрестенің эпидемиялық күлдіреуігі, нәрестенің эксфолиативті дерматиті) жиі кездеседі.         

Омфалиттің дамуы кіндікбау тұқылы немесе емделмеген кіндік жарасы арқылы инфекцияның түсумен байланысты. Сирек жағдайларда кіндік тамырын байлау кезінде инфекция түсу мүмкін, бірақ көбінесе инфекция жұқтыру нәресте туылғаннан кейін 2-ші және 12-ші күндері арасында болады.                       

Омфалиттің белгілері: Ауру көбінесе катаральды омфалиттен басталады. Бұл жағдайда кіндік үнемі ылғалды болады, ал біраз уақыттан кейін кіндік жарасында ірің пайда болады. Қабынудың орнында тері ыстық болады, ұлғайтылған тамырлар көрінеді. Дене температурасы процестің таралуына байланысты - 38 градус немесе субфебрильді болуы мүмкін. Содан кейін жалпы интоксикация белгілері қосылады: бала енжар, ұйқысы бұзылады, мазасыз, тәбеті болмай дене салмағы азаяды.            

Алдын алу шаралары мыналарды қамтиды:

1. Балаға тек таза іш-киім кигізіп, киім және памперстерді жиі ауыстырып тұру керек.

2. Іш-киімдерді тек балалар сабынымен жуып, екі жағынан үтіктеу керек.

3. Кіндігі түспеген нәрестені күн сайын 1 рет қайнаған суға шомылдыру, температурасы 37С, аптасына 1 рет сабынмен жуыңыз. Кіндік түскен күні шомылдыруға болмайды.

4. Кіндік жарасын күн сайын күніне 1 рет өндеп тұру керек.Өңдеу алдында қолды сабынмен жуу қажет, өңдеу үшін тек стерильді мақтаны, 70%-дық медициналық спиртті пайдалану керек.

5. Емізіктер бермеңіз. Баланы 6 айға дейін тек емшек сүтімен тамақтандырмаңыз.

Жаңа туылған нәрестелерде аурудың жоғарыда аталған белгілері пайда болған жағдайда дереу медициналық мекемеге хабарласу кажет.