Поговорим о зрении: миопия – актуальная проблема современности

Поговорим о зрении: миопия – актуальная проблема современности

Көздің көруі туралы сөйлесейік: миопия - қазіргі заманның өзекті мәселесі

Миопия- көз оптикасының бұзылуы, онда негізгі фокус тордың орталық аймағына жетпейді, нәтижесінде сурет бұлыңғыр болады. Статистикаға сәйкес, әлемнің әрбір үшінші тұрғыны миопиядан зардап шегеді. Соңғы онжылдықта бұл аурудың өсуі байқалды. Себептердің бірі -балаларды тым ерте оқыту. 6-7 жасында еркін оқитын балалардың ересек кезінде миопия шамамен 1,3 есе жиі кездеседі. Сонымен қатар, компьютерлер, теледидарлар, электронды гаджеттердің барлық түрлері біздің көзімізге жүктеме түсіреді.

Миопияның дамуының негізгі себептері:

1. Тұқым арқылы берілу

Егер де  ата-ананың біреуінде миопия болса, балада бұл аурудың даму ықтималдығы 8-ден 24% - ға дейін артады. Егер ата-ананың екеуінде де миопия анықталса, онда 50% жағдайда ол тұқым арқылы беріледі.

2. Жақыннан қарағанда көзге жүктеу түсудің артуы

Көзге жүктеу ұзақ түсу салдарынан  шырышты қабықтың кебуіне және көздің орналасу жүйесінің шамадан тыс артуына алып келеді.

3. Көз көрудің кемшілігін дұрыс емес түзету

Миопияны түзетудің болмауы немесе оны дұрыс емес өткізу, мысалы, көзілдірік немесе көзге тағатын линзалар дұрыс таңдалмаса, аурудың өршуіне әкелуі мүмкін.

4. Теңгерімсіз тамақтану

Көзге арналған маңызды микроэлементтер мен дәрумендердің, мысалы, магний, мырыш, кальций немесе мыстың болмауы.

Көздің жітілігінің  төмендеу дәрежесіне байланысты келесіге бөлінеді:

  • бастапқы миопия - 3 диоптрияға дейін
  • орташа формадағы миопия - 6 диоптрияға дейін
  • жоғары дәрежелі миопия - 6 диоптриядан жоғары

Миопияны ерте жастан да анықтауға болады. Көбінесе ол 7-12 жастағы балаларда ауру анықталады. Жасөспірім кезеңінде миопия күшейеді, 18-20 жасқа қарай көру әдетте тұрақтанады, бірақ прогрессия жоққа шығарылмайды.

Миопияны емдеу әдістері:

1. Терапиялық емдеу

Емдеудің бұл түрінде дәрумендер мен дәрі-дәрмектер, аппараттық емдеу және көзге арналған арнайы жаттығулар қолданылады. Әдістердің әрқайсысы жеке де, бір-бірімен де қолданылады. Бұл әдіс арқылы аурудың дамуын баяулатуға немесе тоқтатуға болады, сонымен қатар бұл әдістерді көбінесе балалардың миопиясын емдеу барысында қолданылады.

2. Оптикалық түзету

Оптикалық көзілдірік, жұмсақ жанаспалы линзалар арқылы миопияны операциясыз түзету (мамандар кеңесімен таңдалған).

3. Көздің көруін лазер арқылы түзету (лазерлік жабдықтың көмегімен миопия кезіндегі рефракцияны хирургиялық емдеу). Миопияны лазер арқылы түзету 18 жастан бастап жасалады, сонымен қатар бұл емдеу бірқатар қарсы көрсетілімдерге ие, және де операцияны жүкті және бала емізетін әйелдерге кейінге қалдыру керек. Хирургиялық емдеу әр жағдайда көрсетілген бе, жоқ па, оны тек білікті дәрігер шеше алады.

Миопияның алдын алу мақсатында санитариялық дәрігерлер төмендегідей кеңестерді ұсынады:

1. Көзге арналған жаттығулар. Көзге арналған әртүрлі қозғалыстар көз тамырларының қан айналымын жақсартуға және көз бұлшықеттерін нығайтуға көмектеседі. Көру анализаторының әр 30 минут сайын қарқынды жұмысын жүргізу қажет;

2. Оқу кезінде дұрыс отыру. Кітаптан көзге дейінгі қашықтық 30-40 см болу тиіс, 12-14 жастағы балалар әр 45 минут сайын 15 минутқа үзіліс жасауы керек. Ересектерге 1 сағат сайын үзіліс жасауы керек;

3. Күндізгі немесе жеткілікті жарқын жасанды жарық жағдайда оқу ұсынылады;

4. Монитор мен теледидарды көз деңгейінен жоғары қойыңыз, бұл көздің бұлшықеттеріне салмақ түсуін азайтады. Әр 30-45 минут сайын көз жаттығуларын жасау керек;

5. Спорт. Балалар мен ересектер спортпен шұғылдану барысында қарсы көрсеткіштерді ескеруі қажет, себебі көрсеткіштен тым көп жаттығу жасау салдарынан көздің көру қабілетіне зиян тиюі мүмкін;

6. Тамақтану. Ақуыздармен және дәрумендермен қаныққан дұрыс тамақтану көз анализатордың жұмысында үлкен маңызға ие.