Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік салдарлары

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ережелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік салдарлары

Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде (әрі қарай - Кодекс) белгіленген.

Кодекстің 425-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық үшін – жеке тұлғаларға – 30, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 1600 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Ал адам денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік), егер бұл әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса: қызметін тоқтата тұрып не онсыз, өнім тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – 200, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға –460, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 620, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 2000 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Кодекстің 462-бабының 3 бөлігіне сәйкес мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау – рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз не қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға –5, лауазымды адамдарға – 15, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - 500 АЕК (айлық есептiк көрсеткiш) мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Сондай-ақ, Кодекстің 463-бабына сай тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз, рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса-әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – 15, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 25, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 , iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне - 150 АЕК (айлық есептiк көрсеткiш) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірісті (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.