Балалар мен жасөспірімдердегі семіздіктің салдары

Балалар мен жасөспірімдердегі семіздіктің салдары

Семіздік - қазіргі Денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Жас санаттары бойынша балалардың семіздігі 6-11 жастан және 12-17 жастан бастап жасөспірімдер тобы анықталады. ДДСҰ мәліметтері бойынша баланың семіздігінің себептері  құрамында майлар мен көмірсулар көп, минералдар, дәрумендер және басқа заттары аз тағамдар, сондай-ақ белсенді өмір салтын сақтамау болып табылады. Алайда, балаларда артық салмақтың пайда болуында генетикалық факторлар, гормондардың теңгерімсіздігі де маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Денедегі майдың жиналуын анықтайтын факторлар бар, олар инсулин гормонымен тікелей байланысты. Қандағы инсулин деңгейі жоғарылаған кезде май тінінде май жинау процесі басталады, инсулин деңгейі төмендеген кезде май босатылып, белсенді қозғалыс барысында адам арықтай бастайды.  Сондай-ақ, қандағы инсулин деңгейі көбінесе тамақпен бірге көмірсулардың тұтынылуымен анықталады. Біз қаншалықты көп көмірсулар қолдансақ, ас қорыту процесіне тезірек енсе, соғұрлым инсулин коп шығарылады, бұл өз кезегінде оның қан құрамын арттырады және май жасушаларында май қышқылдарының сақталуына әкеледі.

Инсулиннің шамадан тыс шығарылуы тез сіңірілетін, көмірсуларға бай тағамдарды тамаққа қолдану кезде пайда болады: ұн, құрамында крахмал бар көкөністер, қант, сироптар, тәтті газдалған сусындар, нан, макарон, тәттілер, фаст-фуд және т.б. Мұндай көмірсулардың көп мөлшерін тұтыну семіздікке және отырықшы өмір салтына әкеледі.

 Балалар мен жасөспірімдердегі семіздік қауіпті ауруларға әкелуі мүмкін. Жүрек-тамыр аурулары жиі дамиды, омыртқа мен буындардың ауруы, жоғары қан қысымы, инсульт, ұйқының бұзылуы, қант диабеті ауруы даму мүмкін. Артық салмағы бар балалар көбінесе стресске шалдығады және өзін-өзі бағалауы төмендейді, өйткені олар қоғам мен құрдастарының семіздікке қатысты айыптауын естиді. Психоэмоционалды жағдай, мектептегі тұрақты жағымсыз атмосфера, өткір стресс, туыстарынан айырылуы немесе шок метаболизмді бұзып, артық салмақты тудыруы мүмкін.

Балалардағы семіздіктің дамуының қосымша факторлары:

- жүктілік кезінде ананың үйлесімсіз және жеткіліксіз тамақтануы;

- емшек емізудің болмауы;

- балаларды ересек тамақтануға ерте ауыстыру;

- тәуліктік рационда көкөністердің, жемістердің жеткіліксіз саны;

- қантты көп тұтыну.

Даму патологиясымен байланысты балаларда артық салмақтың жоғарылауының басқа себептері де бар, нақты айтса туа біткен гипотиреоз (қалқанша безінің гормондарының жетіспеушілігі), бүйрек үсті безінің патологиясы, Даун синдромы, гипофиздің бұзылуы, адипозо-жыныс дистрофиясы және т.б. Бала семіздігінің себебін анықтау үшін алдымен  эндокринолог, неврапотолог мамандарына жүгіну ұсынылады.

Дене салмағының индексін өлшеу арқылы арнайы формуламен анықталатын семіздікті анықтау критерийі бар. ДСИ= дене салмағы (кг) / биіктігі (м2). Нәтижесінде, ДСИ 25-тен жоғары болған кезде-артық салмақ, 30-дан жоғары-семіздік. 

Артық салмақ дәрежесіне байланысты 1,2,3,4 дәрежеге бөлінеді. 1 дәрежелі семіздік дене салмағының 29%-дан асады, 2 дәрежелі семіздік-30-40%, 3 дәрежелі семіздік-50-99%. 4 дәрежелі семіздік 100% - дан жоғары.

Ата-аналардың негізгі міндеті - балалардың дұрыс тамақтану әдеттерін және белсенді өмір салтын қалыптастыру. Балаларды үстел басында теледидар бағдарламаларын, ұялы телефондарды, гаджеттерді көрмей тамақтануға, салауатты өмір салтын ұстануға, күн сайын спортпен шұғылдануға, көкөністер мен жемістерді көбірек жеуге, тәтті сусындарды тұтынуды шектеуге, диетаға қауіпсіз диетаны енгізуге үйретіңіз. Балалардың денсаулығын бақылаңыз, жыл сайын медициналық мекемелерде кешенді медициналық тексеруден өтіңіз. Ата-аналар, мұғалімдер және денсаулық сақтау мамандары тұрақты негізде салауатты және белсенді өмір салтының пайдасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Семіздіктің алдын алу бойынша мемлекеттік деңгейде жүргізілетін негізгі шаралар:

- халыққа спорттық керек-жарақтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- қаланың инфрақұрылымын дамытуда жаяу жүргіншілер, велосипедшілер және басқа да жолдар салу;

- «зиянды өнімдер» жарнамасын шектеу;

- білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдердің тамақтануын оңтайландыру;

- салауатты өмір салтының әлеуметтік жарнамасын арттыру;

- дене шынықтыру бойынша ұлттық спорт түрлері мен ұтымды тамақтану бойынша ұсыныстар әзірлеу.