Шипажайда өткен семинар жайлы

Шипажайда өткен семинар жайлы

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің білім беру және тәрбиелеу объектiлерiн бақылау және қағдағалау бөлімінің бас маманы Суюндикова Э.М. Медеу ауданы санитариялық эпидемиологиялық бақылау баскармасының бас маманы Аханинамен бірге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Балалар клиникалық шипажайы» ШЖҚ РМК-ның ұжымына асхана мәселесі бойынша ағымдағы жылдың сәуір айында семинар өткізді. Мамандар шипажайдың асхана ұжымына көрнекті түрде тағамдардың азық-түлік қоймасында сақтау тәртібі, ас үй бұйымдарын мақсатына байланысты белгілеу мен ем алушылардың дұрыс тамақтануы бойынша санитариялық талаптар жайлы айтылды. Семинарды қорытындылай келе ұжымның сұрақтарына жауап берілді.