Қазіргі таңда 7-18 жастағы барлық балалар мен жасөспірімдердің дене бітімі әртүрлі болып келеді. Сәйкесінше бала жасына қарай күніне кемінде 1-2 сағат қозғалуы керек. Сондықтан баланың күн режимінде 2 сағаттан астам тұрақты бір қалыпты отырудан шектеу керек. Ал компьютерде күніне 2 сағаттан артық жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
7 жастағы балалар үшін күніне кем дегенде 2 сағат дене белсенділігі және 18 жастағы балалар үшін кем дегенде 1 сағат ұсынылады, бұл қозғалмаушылықтан туындаған денсаулыққа қауіпті азайтуға мүмкіндік береді. Оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін одан да көп қозғалу керек.
Дене шынықтырумен күнделікті айналысу - оқушының салауатты өсуінің, дамуының және жақсы көңіл-күйінің кепілі. Балаларға күн сайын физикалық белсенділік қажет. Егер балалар кез-келген күні дене шынықтырумен айналыса алмаса, бұл қорқынышты емес, бірақ қозғалыссыз ұзақ уақыт жүруден аулақ болу керек. Егер сабақтар монотонды болса немесе ұзақ уақыт үзіліссіз болса, шамадан тыс дене белсенділігі де денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.
Балаға дене белсенділігінен бұрын оңтайлы демалу керек екенін есте сақтау қажет. 13 жастан асқан жасөспірімдер кішкентай балаларға қарағанда ұзақ бір орында отыра алады. Ересек жасөспірімдердің күнделікті қозғалыс қажеттілігін кішкене физикалық белсенділік таныту жеткілікті деп санайды. Бірақ іс жүзінде 13-18 жастағы балалар өсумен дамудың қарқынды кезеңін бастан кешуде, сондықтан олардың қозғалыс қажеттілігі балалақ шақтың қажеттіліктерінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Әртүрлі спорт түрімен айналасу нәтижесінде және спорттық сабақтарда түрлі спорт ойындарын өзкізу арқылы жасөспірімдер өз физикалық жүктемесін реттей алады. Өз бетінше немесе мұғалімнің басшылығымен жұмыс жасай отырып, өзінің дене бітімінің физикалық белсендігілін жақсарта алады.
Күнделікті дене белсенділігі қарқынды қозғалыс кезеңдерінде, жүрек соғу жиілігі мен тыныс алу жиілігі біршама жоғарлауы керек. Ең үлкен пайда күндізгі уақытта физикалық белсенділіктің кем дегенде жартысын қамтитын, 10 минуттық қарқынды денешынықтыру кезеңдерінен тұруы. Мысалы үшін, кешке жакын жаяу серуендеу, велосипедпен жүру сияқты физикалық жүктемелер жақсы әсер етеді. Қарқынды дене шынықтыру кезінде көптеген өзгерістер туындайды. Жас организмге қарқынды дамуынан басқа әртүрлі органдарға, атап айтқанда жүрекке пайдалы әсер етеді, сонымен қатар төзімділікті дамытады.