Жасөспірімдердің темекі шегуі - ауруға, мүгедектікке және өлімге әкелуі мүмкін

Жасөспірімдердің темекі шегуі - ауруға, мүгедектікке және өлімге әкелуі мүмкін

Жасөспірімдердің темекі шегуі қазіргі уақытта маңызды медициналық- әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық проблемалардың бірі болып табылады. Мектеп оқушылары арасында электронды темекі шегу сәнге айналуда. Вейптар мен электрондық темекілер кәмелетке толмаған жастар үшін қауіпті. Темекі бұйымдары сияқты көптеген қоспалардың құрамында никотин болады, сондықтан ағзаға теріс әсердің барлық нысандары вейпке бейім келеді.      

Жасөсіпірімдер темекі шегудің денсаулыққа зиянды екені туралы жеткілікті дәрежеде құлағдар екенін атап өткен жөн, сонымен қатар бұл білімдері жасөспірімдердің едәуір бөлігіне зиянды әдеттерге, соның ішінде темекі шегуге дағдылануына кедергі келтірмейді.

Жасөспірімдік жас – физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдағы ерекше кезең. Зиянды әдеттердің қалыптасуы белгілі бір әлеуметтік және дербес алғышарттармен байланысты. Жасөсіпірімдер темекі шеге бастаудың қызығушылық, достары мен ересектердің үлгісі, заманауи болмай қалудан қорқу, қатарластарынан қалып қою сияқты себептерін атап өтеді.  Темекі шегу халықтың едәуір бөлігін қамтыған және аурудың, мүгедектіктің және өлімнің өсуіне үздіксіз әкеліп соғатын, көбінесе бала кезде және жасөспірімдік жаста қалыптасатын, тәуекелдің ең кең таралған мінез-құлықтық факторларының бірі болып қала береді. Қатаң заңдар мен темекіге қарсы бағдарламаларға қарамастан, балалар мен жасөспірімдер арасындағы темекі шегу өзекті мәселе болып қала береді. Балалар мен жасөспірімдер ортасындағы себептер мен ынталандыру факторларын терең зерттеудің аса қажеттілігін тудыратын, темекі шегуге ерте бейімделудің жоғары деңгейде таралуы бастапқы профилактика бойынша уақтылы шаралар жүргізу, сонымен қатар темекіден бас тарту бойынша тиімді көмек көрсету, тиімді, біріккен, жүйелі және кешенді жұмыс арқылы ғана төмендейді.

Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің мамандары ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында жасөспірімдермен  темекі шегудің зияны туралы семинар кеңестер өткізді.