Күнтізбедегі бұл дата кездейсоқ таңдалмағаны белгілі. 12 сәуір – Ғылым академиясының тұңғыш президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні.
Пандемия ғылым дамымай мемлекеттің дамымайтынын тағы бір дәлелдеді.
Еліміздегі ғылым саласының әлеуеті зор. Мәселен, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының COVID-19-ға қарсы әзірлеген вакцинасын ерекше атап өтуге болады.
Құрметті ғалымдар! Ғылым саласының қызметкерлері!
Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Атқарып жатқан қажырлы еңбектеріңіз, тың бастамаларыңыз бен жобаларыңыз, батыл идеяларыңыз бен бірегей зерттеулеріңіз үшін алғыс айтамыз.
Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас қуат, ізденіс жолында шабыт және толағай табыстар тілейміз!
Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімі