Бруцеллез: пайда болу себептері және оның алдын алу

Бруцеллез: пайда болу себептері және оның алдын алу

Бруцеллез – жануарлар мен адамдардың жұқпалы ауруы, яғни бруцеллезбен адамдар да, жануарлар да ауырады. Оның үстіне адамдар жануарларды күту кезінде, ұшаны мүшелеу кезінде, қайнатылмаған және пастерленбеген сүт пен сүт-қышқыл өнімдерді пайдаланғанда, шикі немесе жеткіліксіз термикалық өңделген етті пайдалану кезінде жануарлардан жұғады. Адам ауруының негізгі көзі ауыл шаруашылық жануарлары - ұсақ және ірі қара мал. Ауру малды күту, жануарлардың өнімдері мен шикізатын өңдеу кезінде адамдарға жұғады.

Бруцеллездің қоздырғыштары (бруцеллалар) өте төзімді, сыртқы ортада 45 күнге дейін, сүтте 18 күнге дейін, жаңа мұздатылған етте 45 күннен астам сақталады, тіпті адамның зақымданбаған терісі мен шырышты қабаттары арқылы да ене береді.

Адамның бруцеллез ауруының белгілері екі-үш аптадан кейін, кейде бір айдан кейін пайда болады. Көбінесе науқаста безгек (лихорадка), бас ауруы, әлсіздік, қалтырау және қатты терлеу пайда болады. Бірнеше күн немесе аптадан кейін буындарда ауырсыну және ісіну байқалады. Кейде барлық ауыр құбылыстар тез өтеді, бірақ біраз уақыттан кейін ауру күшейеді. Адам бірнеше апта, айлар бойы бруцеллезбен ауыруы мүмкін және міндетті түрде хронизацияға, мүгедектікке немесе ұзақ мерзімді еңбекке жарамсыздыққа алып келеді.

Бруцеллездің алдын алу мақсатында сақтық шараларын сақтау қажет - шикі сүт пен сүт қышқылды өнімдерді термиялық өңдеусіз тұтынбау керек, белгіленбеген орындарда сауда жасайтын адамдардан сүт пен ет сатып алмау керек. Мал базарларында жануарларды сатып алу кезінде жануардың денсаулығы туралы ветеринариялық анықтаманың болуына көз жеткізу қажет.