Алматы қаласында «Комирнати» вакцинасының алғашқы дозасын 61 мыңнан астам адам алды.
Елімізде эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ету мақсатында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы №46 қаулысы бойынша «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) мРНҚ-вакцинасымен 12-ден 17 жасқа дейінгі жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және лактация кезеңіндегі әйелдерді вакцинациялау басталды.
Өз кезегінде, Алматы қаласында «Комирнати» (Pfizer, АҚШ) препаратымен вакцинация ағымдағы жылдың 12 қарашасынан басталды.
Бүгінгі таңда мегаполисте 1-дозамен барлығы 61 730 адам вакцинацияланды, оның ішінде: 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер – 3 525, лактация кезеңіндегі әйелдер (босанғаннан соң 42 күннен кейін) – 13 675, және 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны – 44 530 адам.
Естеріңізге сала кетейік, адамдарға вакцинация жүргізу профилактикалық егуді жүргізуге алдын ала ақпараттандырылған жазбаша келісіммен ғана жүргізіледі. Ал жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-анасының немесе заңды өкілінің алдын ала ақпараттандырылған жазбаша келісімімен ғана егіледі. Вакцинация жүргізу алдында медицина қызметкері олардың артериялық қысымын, сатурация, температурасын өлшей отырып, тері жабындары мен көрінетін сілемейлі қабықтарды қарап тексеріп, жалпы жай-күйін бағалайды. Вакцинациялау рәсімінен кейін адамдар арнайы бөлінген бөлмеде 30 минут бойы медициналық қызметкерлердің бақылауында болады.
Айта кету керек, «Комирнати» (Pfizer, АҚШ) вакцинасының тиімділігі 95%-ды құрайды. Ол қауіпсіздіктің дәлелденген базасына ие және 142 елде, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Еуропалық Одақ елдерінде қолданылады.
Өз кезегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті ата-аналарды баласын COVID-19-дан қорғауға шақырады. Өйткені, осы вакцинаға күмәнданатын ата-аналар өз баласының Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген денсаулығын қорғау құқығынан айырады және баланы вакцинамен басқарылатын инфекциялармен ауыру қаупіне ұшыратады.