Балаларға қауіпсіз ойыншықтар таңдаймыз

Балаларға қауіпсіз ойыншықтар таңдаймыз

Өзін және балаларын қауіпсіздендіру үшін, әр адам ойыншық сатып алғанда саналық танытуы тиіс. Ал ол үшін ойыншық сатып алар кезде  материалын, жабындысы мен бояуын қарап шығып, заттаңбадағы таңбалаудың бар-жоғына назар аударып, иістің бар-жоғын және (мүмкіндігінше) ойыншықтардың сыртқы бояуының беріктігін (қолдағы бояу қалдықтары) тексеру қажет. Ойыншықта бала жұтып қоюы мүмкін болатын ұсақ бөлшектері, үшкір шеттері мен бөлініп қалатын бөліктері болмауы тиіс.

Сонымен қатар ойыншық сатып алар кезде қаптамасына назар аударыңыз. Қорапта келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс: тауардың атауы, өндіруші және оның мекен-жайы, техникалық регламентке сәйкестігі, тұтынушылық қасиеттері туралы ақпарат, өндірілген күні, сақтау мерзімі және шарттары, баланың жасын білдіретін пиктограмма. Тұтынушы тауардың қауіпсіздігін куәландыратын құжатты (сәйкестік сертификатын) ұсынуды талап етуге құқылы екені есіңізде болсын.    

 

Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының

санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау,

техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бас маманы

Е.Қ. Шашаев