Алматы қаласының мектептерінде тексеру кезінде қандай бұзушылықтар анықталды?

Алматы қаласының мектептерінде тексеру кезінде қандай бұзушылықтар анықталды?

Мектептегі оқу үрдісі гигиеналық талаптар мен ұсыныстарға сәйкес құрылған. Қазақстан Республикасының білім беру объектілерінде оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар санитарлық ережелермен реттеледі, негізгі құжат «Білім беру ұйымдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы N ҚР ДСМ-76 бұйрығы».

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің білім және тәрбие объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінде COVID-19 бойынша шектеу іс-шараларын енгізу кезінде мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға мониторинг пен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізді.

Осы мәселе бойынша 166 тексеріс жүргізілді, оның ішінде 87 – арнайы, 57 – жоспардан тыс, 22 – мониторингтік топ құрамында тексеріс жүргізілді.Тексеру барысында келесі заң бұзушылықтар анықталды:

-Алматы қаласының 3 мектебінде сабақтар арасындағы үзілістердің нормаланған ұзақтығы сақталмайды;

- оқу жоспары мектептердегі күндізгі және аптадағы оқушылардың ақыл-ой әрекетінің динамикасын есепке алмай құрастырылған 4 мектепте, бастауыш сыныптарында қосарланған сабақтарға рұқсат етілген 2 мектеп анықталды;

- сыныптардағы жасанды жарықтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі, мектептерде жанып кеткен электр шамдары дер кезінде ауыстырылмайтын 19 мектеп;

- 2 мектепте оқу жиһаздары жартылай тозған және ауыстыруды қажет етеді;

Сондай-ақ мектептерде дезинфекциялау режимін, үй-жайларды желдету кестесін бұзу және профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың басқа да бұзушылықтары анықталды.

Анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандарымен 9 801 109 теңгеге 66 айыппұл салынып, 66 ұйғарым шығарылды. Мониторинг топтарының жұмыс нәтижелері жергілікті атқарушы органдардың қарауына жіберілді.