Құрметті ұстаздар!
«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім дәрігерді, заңгерді, тіпті барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.
«Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы.
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы барлық ұстаздарды бүгінгі айтулы кәсіби мереке - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Қажырлы еңбектеріңізге табыс, өздеріңізге денсаулық тілейміз!