Бүгін «Antikor Ortalygy» алаңында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббарова «Antikor Live» жобасы аясында Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге қатысты.
Тікелей эфир барысында Қарлығаш Қожаназарқызы Департаменттің жалпы қызметі жайлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіп жатқан жұмыстар туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайлы айтып берді.
Сонымен қатар Қарлығаш Қожаназарқызы кездесудің спикері - Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумураттың қойған сұрақтарына да жауап берді.
Кездесу соңында Қарлығаш Қожаназарқызы мен Данияр Таумурат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлесіп іс-шаралар өткізуге келісті.