
Педикулез – адам шашында биттер мен оның жұмыртқаларының (сірке) тіршілік етуі. Бит бастың шаш бөлігінде, әсіресе самайында, желкесінде және төбесінде өмір сүріп, жұмыртқаларын салып көбейеді. Бастың биті 30 күнге дейін өмір сүреді.
Зақымдану қандай жолмен беріледі?
Педикулезді адамдар бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасаған уақытта кез келген жерде, яғни дүкенде, темір жол көлігінде, автобуста және басқа да қоғамдық көліктерде, хауызда, ұйымдастырылған мекемелерде және киімді, төсек жабдықтарын, бас киімді, тарақты және басқа да жеке бас заттарды бірге қолданғанда жуқтырып алу мүмкін.
Педикулездің негізгі белгілері:
- зақымдалған тері бөлігінің қышуы;
- бірнеше күннен соң бит шаққан жарде бөртпе пайда болады;
- қасыну;
- шашта сіркелердің болуы.
Педикулездің алдын алу шаралары, негізінен, жеке бас гигиеналық ережелерді сақтау болып табылады: аптасына 1 рет моншаға, душқа жуынып, жүйелі түрде іш киімдер мен төсек жаймасын ауыстырып отыру, шашты күнделікті тарап, ұзын шашты өру керек, төсек жаймасын жуу, бөлмені тұрақты түрде тазалап тұру керек;
- балаларға бөгде адамдардың тарақтарын, сүлгілерін, бас киімдерін, наушниктерін, шашқа тағатын қыстырғыштарын, резинкаларын қолдануға рұқсат етпеу, өйткені осы заттар арқылы бит таралуы мүмкін;
- үйде балалардың шашын ұдайы тесеріп отыру керек.
Педикулездің алдын алуы мен онымен қарсы күресуде халыққа медициналық көмек көрсетудің барлық сатысында (емханаларда, стационарларда, ұйымдасқан балалар ұжымдарында және т.б.) биттеуді белсенді түрде анықтау маңызды орын алады. Педикулезбен зақымданған ауруды уақытында анықтау және оны оқшаулау – аурушаңдықтың одан әрі таралмауының тиімді шарасы!
Бит бөртпе сүзек және кейбір қызба түрлерінің потенциалды таратушысы болып табылады. Сондықтан, баланың басында бит анықталған жағдайда, дәрігерден кеңес алған жөн. Педикулездің алдын алу мақсатында, отбасы мүшелерін де профилактикалық залалсыздандырудан өткізу қажет.
Педикулезге қарсы заманауи препараттардың түрлері көп және олар гель, шампунь, ласьон, аэрозоль және сықпа май түрінде болады. Препараттарды қолданар алдында оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарымен танысу қажет.