
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер күні ретінде тойланады.
Ту, Елтаңба, Әнұран - біздің ұлттық игілігіміз, ел тарихына деген терең құрмет.
1992 жылдың 4 маусымы - тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің туған күні ретінде халықтың жадында мәңгі қалатын ерекше күн.