Брюшной тиф

Брюшной тиф

Іш сүзегі - сальмонелла тифі бактериясы қоздыратын жедел ішек инфекциялық ауруы. Бұл ащы ішектің лимфа жүйесінің жаралы зақымдануымен, бактериемиямен, ұзаққа созылған температураның көтерілуімен, бас ауруымен, ұйқының бұзылуымен, жүрек айнуымен, тәбетінің төмендеуімен, іш қатумен немесе диареямен, аурудың 8-11-ші күндері дене терісінде аздаған бөртпенің пайда болуымен, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюымен және бактериялардың ұзақ мерзімді тасымалдаушысын құруға бейімділігімен сипатталады. Іш сүзегі ішектің қан кетуімен, ішек қабырғасының тесілуімен және одан кейінгі перитонитпен асқынуы мүмкін. Сонымен қатар, ауру пневмония, тромбофлебит, холецистит, цистит, миокардит, отит және паротиттің дамуына әкелуі мүмкін.       

Инфекция көзі тек науқас адам немесе бактериялар тасымалдаушысы болып табылады. Адам ағзасынан іш сүзегінің қоздырғыштары сыртқы ортаға нәжіспен, зәрмен және сілекеймен бірге шығады.       

Іш сүзегі  ауыз қуысы-нәжістік механизммен беріледі, жұғуының негізгі жолы - су, алайда инфекция тамақтану және тұрмыстық жолмен қарым-қатынас  арқылы жүзеге асуы мүмкін. Тағамдар (сүт, қаймақ, сүзбе, тартылған ет, желе, теңіз өнімдері) бактериялар үшін қолайлы орта болып табылады, онда олар сақталып қана қоймай, көбеюге де қабілетті. Қоздырғыш плюс 56C °  температурада 45-60 минут ішінде, 60 C° температурада - 30 минуттан кейін, қайнату кезінде (+ 100 ° C температурада бірден) бірнеше секунд ішінде өледі.       

Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы - 21 күн (инфекция түскен сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін), көбінесе 9-14 күн, бұл организмге түсетін қоздырғыштың дозасына, оның вируленттілігіне, инфекцияның берілу  жолына және организмнің жағдайына байланысты.        Іш сүзегін емдеу тек аурухана жағдайында жүзеге асырылады. Медициналық көмекке уақтылы қаралып, емделу кезінде аурудың болжамы сәтті өтеді - ол сауығумен аяқталады.       

Іш сүзегінің спецификалық және спецификалық емес профилактикасы бар.Іш сүзегінің спецификалық алдын-алуы -  вакцинация болып табылады. Кәріз және ағынды сулардың тазарту құбырларымен жұмыс жасайтын адамдар іш сүзегіне ұшырауы мүмкін, сондықтан  олар іш сүзегіне қарсы вакцинациялауға жатады. Вакцинациядан кейін иммунитет 2 аптадан кейін қалыптасады, ол шамамен үш  жылға дейінгі мерзімде сақталады. Аурудың даму қаупі бар адамдар үшін вакцинациялаудың алғашқы дозадан кейін 3 жылдан аспайтын аралықта қосымша күшейткіш бустер-доза тағайындалады.Профилактикалық мақсатта, жұмыс жасауға  рұқсат алуға дейін, тамақ өнімдерін өндірумен, сақтаумен, тасымалдаумен және сатумен байланысты қызметі бар адамдар,  тамақ шикізаты, ауыз су, коммуналдық  тұрмыстық салада қызмет жасайтын адамдар іш сүзегіне тексеріледі. Оларға зертханалық сынақтың теріс нәтижесі болғанда ғана жұмыс істеуге рұқсат етіледі.       

Іш сүзегінің алдын алу бойынша арнайы емес шаралары басқа да жедел ішек инфекциясымен ұқсас болады. Ауырмау үшін сіз қарапайым ережелерді сақтауыңыз керек, соның ішінде:-тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;- тек пастерленген немесе қайнатылған сүтті қолдану;-жидектерді, жемістер мен көкөністерді, әсіресе шикі түрінде  жегенде мұқият жуу; -тамақ дайындау кезінде гигиена ережелерін сақтау;-өнімді жеке тұлғалардан және сауда үшін белгіленбеген орындардан сатып алмау;-әр тамақтану алдында және әр дәретханаға барғаннан кейін, әсіресе үй немесе ауылшаруашылық жануарларымен байланыста болғаннан кейін, қолды сабынмен жуып отыру, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтау;- тек ресми түрде рұқсат етілген жерлерде шомылу, шомылу кезінде суды жұтпауға тырысу, ластанған ашық су айдындарында шомылудан аулақ болу.       

Аурудың тән белгілері пайда болған кезде, әсіресе, іш сүзегі үшін қолайсыз аймақтарға туристік сапарлардан оралғанда дәрігерге уақтылы жүгіну қажет.       

Есіңізде болсын, ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу оңайырақ!