Қазақстан халқының тілдері күніне орай қызметкерлер Ахмет Байтұрсынұлының мұражайына барды

Қазақстан халқының тілдері күніне орай қызметкерлер Ахмет Байтұрсынұлының мұражайына барды

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері «Ұлт ұстазы», қазақ тілінің тұңғыш әліппесінің авторы - Ахмет Байтұрсынұлының тұрған мұражай-үйге барды.

Мұражай экспонаттары өте қызықты болды, өйткені олар бір адамның өмірін ғана емес, ұлт тарихы мұрасының бір бөлігін де білдіреді.

Аталған іс-шара 5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында ұйымдастырылды.