По обращениям в сфере коммунальных объектов

По обращениям в сфере коммунальных объектов

2026 жылдың I жартыжылдықта коммуналдық объектілерді бақылау саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардан 920 өтініш келіп түсті (2025 ж.1 ж. - 547).

 

Жоспардан тыс тексерулер 57 өтініш бойынша немесе барлық өтініштердің жалпы санының 6,2% жүргізілді (2025 ж. 1 ж. - 35 немесе 6,4%).

 

Жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында 22 өтініш немесе тексерілгендердің санынан 38,6% расталды, 35 расталмады (2025 ж. 1 ж. - 17 немесе 44,6%, расталмады -18).

 

Құзыреті бойынша қарау үшін басқа ведомстволарға 276 өтініш немесе 30% жолданды (2025 ж. 1 ж. - 186 немесе 34%).

 

Жоспардан тыс тексерулер жүргізу үшін негіздердің болмауына байланысты 372 немесе 40,4% өтінішке жазбаша түсіндірмелер берілді (2025 ж. 1 ж. - 204 немесе 37,3%).

 

202 немесе 22% өтінішті қарау тоқтатылды (арыз берушілер кері қайтарып алды) (2025 ж. 1 ж. - 55 немесе 32,2%).

 

Зертханалық-аспаптық зерттеулермен 2 немесе 3,5% өтініш қаралды (2025 ж. 1 ж. - 2 немесе 5,7%).

 

Расталған өтініштердің сипаты:  тұрғын үйлердегі жертөле үй-жайларын ұстауға, сұлулық салондарының, монша, бассейндердің қызметіне, қоқыс жинауға арналған контейнерлік алаңдарды ұстауға.

 

 Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 4 844 0000 тг. сомасына 15 айыппұл (2025 ж. 1 ж. – 4 561 120 тг. сомасына 15 айыппұл), 20  ұйғарым шығарылды (2025 ж. 1 ж. - 16); 3 материал сотқа берілді (1 ж. 2025ж. - 4); қызметке тыйым салу түрінде 10 жедел ден қою шаралары және 3 адамдарды жұмыстан уақытша шеттету түріндегі жедел ден қою шаралары шығарылды (1ж. 2025ж. - 2 адамдарды жұмыстан уақытша шеттету түріндегі жедел ден қою шаралары шығарылды).