Төтенше жағдайлар кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету

Төтенше жағдайлар кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету

Төтенше жағдайлар кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету инфрақұрылымның қирауы жағдайында жұқпалы аурулардың өошуінің алдын алуға және халық денсаулығын қорғауға бағытталған шұғыл медициналық, гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды білдіреді.

 

Апаттар, су тасқыны немесе қарулы қақтығыстар өмір сүру жағдайларының күрт нашарлауына әкеліп соғады, бұл санитариялық қызметтердің дереу араласуын талап етеді.

 

Төтенше жағдайлар кезіндегі санитариялық-гигиеналық шаралар:

 

- сумен жабдықтауды бақылау таза ауыз суды жеткізуді ұйымдастыруды, сондай-ақ зақымдалған сумен жабдықтау желілерін гиперхлорлау мен зарарсыздындыруды қамтиды;

 

- азық-түлік қауіпсіздігі – төтенше жағдай аймағындағы қоймалардағы азық-түлік өнімдерін тексеру және уақытша орналастыру орталықтарында (УОО) тамақ дайындау процесін бақылау;

 

- қоғамдық гигиена – аумақты қоқыстан тазарту, уақытша дәретханалар мен душ кабиналарын орнату және биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату.

 

Төтенше жағдайлар кезіндегі эпидемияға қарсы шаралар:

 

- эпидемиологиялық қадағалау – зардап шеккен аймақтағы аурулардың сипаты туралы деректерді үздіксіз жинау;

 

- ауру жағдайларын белсенді түрде анықтау – үйлерді аралау,  босқындар лагерлері мен уақытша орналастыру орталықтарындағы (бұдан әрі - УОО) халақтың дене қызуын тексеру;

 

- оқшаулау және ауруханаға жатқызу – инфекция белгілері байқалған адамдарды арнайы мобильді ауруханаларға дереу бөліп орналастыру;

 

- шұғыл профилактика – эпидемиологиялық көрсеткіштер негізіндегі жаппай вакцинация (мысалы, А гепатитіне, іш сүзегіне, тырысқаққа қарсы) және халыққа бактериофагтарды қолдану.

 

Төтенше жағдай кезіндегі шектеу шаралары:

 

- бақылау – төтенше жағдай аймағына кіру мен одан шығуды шектеу, сондай-ақ ондағы медициналық бақылауды күшейту;

 

- карантин – периметрді күзетуге әскерилендірілген бөлімшелерді тарта отырып, инфекция ошағын толық оқшаулау;

 

- бұқаралық жиындарға тыйым салу – базарлардың, мектептер мен ойын-сауық орындарының жұмысын уақытша тоқтату.

 

Төтенше жағдайлар кезіндегі залалсыздандыру шаралары:

 

- дезинфекция – инфекция ошағында көлік құралдарын, тұрғын үй-жайларды, құдықтар мен киім-кешекті залалсыздандыру;

 

- дезинсекция – ауру тарататын жәндіктерді (масалар, кенелер, биттер) жою;

 

- дератизация – туляремия, лептоспироз және оба ауруларының алдын алу мақсатында су басқан немесе қираған аумақтарда кеміргіштерді жою.