Жазғы уақыттағы тағамнан уланудың алдын алу тақырыбында брифинг өтті

Жазғы уақыттағы тағамнан уланудың алдын алу тақырыбында брифинг өтті

Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ алаңында жазғы уақыттағы тағамнан ұшынудың алдын алу тақырыбында брифинг ұйымдастырылды.

 

Брифингке Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен басшы орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықова, тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Кенжегүл Қонысбайқызы Қонысбаева қатысты.

 

Әсел Тоқанқызы Алматы қаласындағы тағамнан уланудың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

 

Сондай-ақ Әсел Тоқанқызы тағамнан улану, жіті ішек инфекцияларының алдын алу және бақша дақылдарын сақтау және пайдалану бойынша ұсынымдар берді.



Брифинг соңында, спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына толықтай жауаптар беріп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға қатысты бірқатар кеңестер берді.

 

Толық брифингті төмендегі сілтеме арқылы көруге болады:

https://www.youtube.com/live/5VJbAQRgdyM?si=Wao9a8G0gjC5hr2h