
Бүгін Департамент басшысы Жандарбек Мұхтарұлы Бекшин Департаменттің жаңа орынбасарын таныстырды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы міндетін атқарушының 2020 жылғы 18 қарашадағы № 745-ө бұйрығымен Сәдуақас Нағметоллаұлы Байғабылов Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті башысының орынбасары (санитариялық сұрақтар бойынша) болып тағайындалды.
Сәдуақас Нағметоллаұлы 1974 жылы 27 қаңтарда Қарағанды облысында туылған. Үш жоғарғы білімі бар:
1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «гигиенист/эпидемиолог дәрігері» мамандығы бойынша бітірген;
2015 жылы Орталық - Қазақ академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген;
2017 жылы академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
1998 – 1999 жж. Ақмола облысы Ерейментау ауданының санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері, санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі;
1999 – 2002 жж. Астана қаласы ауа көлігіндегі санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитарлық дәрігері;
2002 – 2004 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің бас маманы;
2004 – 2008 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы;
2008 – 2009 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ұйымдастыру-құқықтық және кадр жұмыстары басқармасының басшысы;
2009 – 2010 жж. Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы;
2010 – 2011 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономика бөлімінің денсаулық сақтау секторының бас сарапшысы, менгерушісі;
2011 – 2013 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік- экономика бөлімінің бас сарапшысы;
2013 – 2014 жж. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшысы;
2014 – 2014 жж. Қарағанды облысы бойынша Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы;
2015 – 2016 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік- экономика бөлімінің бас консультанты;
2016 – 2017 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік- мәдениетті дамыту бөлімінің денсаулық сақтау секторының бас сарапшысы;
2017 – 2018 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономика бөлімінің денсаулық сақтау секторының бас консультанты;
2018 – 2019 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы;
2019 – 2020 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы;
2020 – 2020 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Павлодар облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы;
2020 – 2020 жж. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы;
2020 жылдың 18 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.