
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі Гаухар Сұлтанқызы Каткенова мен ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы Мейірхан Нурахынұлы Мухамедиев мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған және қайта кірген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жас мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаларының, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты туындайтын шектеулер, лудомания, діни ағарту, азаматтармен қарым-қатынас, орындаушылық тәртіп және т.б. түсіндірілді.
Кездесу соңында мемлекеттік қызметшілер Департаменттің өкілдеріне сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Сондай-ақ қызметкерлерге әлеуметтік желілердегі мінез-құлық тәртібі бойынша ұсынымдар берілді.