Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күніне орай ұйымдастырылды

Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күніне орай ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 19 маусымында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау бөлімімен Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі күніне орай акция ұйымдастырылды.

 

Акция барысында азық-түліктердің, ерте піскен жеміс-жидектердің, стандартқа сәйкестігіне жедел зертханалық зерттеулер жүргізіліп, тұтынушыларға санитариялық-эпидемиологиялық талаптар түсіндірілді.

 

Акцияға қызығушылық танытқан тұтынушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, талаптарды сақтауға қатысты бірқатар ұсынымдар берілді.

 

Бұдан бөлек, акцияға Әуезов ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының және Ұлттық сараптама орталығының аумақтық филиалының қызметкерлері де акцияға белсенді қатысты.

 

Аталған іс-шара басқа да аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалармен де ұйымдастырылуда.