Полимераздық тізбекті реакция зерттеулерін жүргізу кезінде биологиялық қорғауды қамтамасыз ету тәртібі

Полимераздық тізбекті реакция зерттеулерін жүргізу кезінде биологиялық қорғауды қамтамасыз ету тәртібі

Аса қауіпті инфекциялық ауруларды тудыратын патогендігі I-II топтағы патогенді биологиялық агенттермен (бұдан әрі – ПБА) полимераздық тізбекті реакциямен (бұдан әрі – ПТР) зерттеулер жүргізуге арналған үй-жайлардың ПТР-талдаудың кезеңдеріне сәйкес келетін үш аймағы болады:

 

- реакциялық қоспаны дайындауға арналған ІІ сыныпты биологиялық қауіпсіздік боксы (бұдан әрі – БҚБ) боксқа кіреберісі (шлюзі) бар боксталған үй-жай;

 

- Дезоксирибонуклеин қышқылын (рибонуклеин қышқылын) (бұдан әрі -ДНҚ (РНҚ) бөлуге арналған II сыныпты БҚБ-мен боксқа кіреберісі (шюзі) бар боксталған үй-жай;

 

- амплификация жүргізуге арналған боксқа кіреберісі (шлюзі) бар боксталған үй-жай.

 

Инфекциялық және (немесе) паразиттік ауруларды тудыратын патогендігі II-IV топтағы ПБА-мен ПТР әдісімен зерттеулер жүргізуге арналған үй-жайлардың ПТР-талдаудың кезеңдеріне сәйкес келетін үш аймағы болады:

 

- реакциялық қоспаны дайындауға арналған ІІ сыныпты БҚБ-мен боксқа кіреберісі (шлюзі) бар бокс;

 

- ДНҚ (РНҚ) бөлуге арналған II сыныпты БҚБ-мен боксқа кіреберісі (шлюзі) бар бокс;

 

- амплификация жүргізуге арналған үй-жай.

 

Реакциялық қоспаны нуклеин қышқылымен араластыру және амплификациялау процесін көздейтін жабық типтегі талдағышты пайдаланған кезде ПТР зерттеулер жүргүізуге арналған үй-жайда екі аймақ болады. Боксқа кіреберістерде (шлюздерде) айна, қол жууға арналған раковиналар немесе қол жуғыштар орнатылады, олар болмаған кезде тері антисептиктері және дезинфекциялық ерітінділер бар сыйымдылықтар пайдаланылады. ПТР әдісімен зерттеу жүргізуге биологиялық қорғауды қамтамасыз ету үшін мыналар сақталады:

 

- әрбір аймақта тек осы бөлмеде пайдаланылатын жиһаздың, тоңазытқыштардың, мұздатқыштардың, зертханалық жабдықтардың, реагенттердің, автоматты тамшуырлардың (мөлшерлегіштердің), ұштықтардың, пластик және шыны ыдыстардың, қорғаныш костюмінің, бір рет қолданылатын тальксыз қолғаптардың, жинау мүкәммалының және шығыс материалдарының жиынтығы болады;

 

- бір рет қолданылатын ұштықтар мен ыдыстарды қайта пайдаланылмайды, жабдықтар, шығыс материалдары, реактивтер, қолғаптар, халаттар бір үй-жайдан басқа үй-жайға тасымалданбайды;

 

- ПТР бойынша барлық жұмыс жұмыстың әрбір кезеңі қамтамасыз етілетін бір рет қолданылатын тальксыз қолғаппен жүргізіледі;

 

- ПТР жүргізуге арналған барлық үй-жайларды әрлеу жуу және дезинфекциялық құралдардың әсеріне төзімді материалмен жүргізіледі;

 

- барлық үй-жайларда бактерицидті сәулелегіштер орнатылады;

 

- детекцияны электрофорез әдісімен жүргізу кезінде бұл кезеңге жеке персонал қызмет көрсетеді;

 

- ПТР-дің барлық кезеңдерін жүргізуге арналған реагенттерді сақтау шарттары реагенттерді қолдану жөніндегі өндірушінің нұсқаулығының талаптарына сәйкес келеді. Клиникалық үлгілер реагенттерден бөлек сақталады;

 

- ПТР зерттеулерге арналған үй-жайдағы оңтайлы температура егер зерттеу әдістемесінде өзгеше көзделмесе плюс 18ºС-22ºС шегінде ұсталады, салыстырмалы ылғалдылық 40%-дан 70%-ға дейін, температуралық режим мен ылғалдылық белгісі бар құжаттаманы жүргізу керек;

 

-        реагенттер бөлуге немесе амплификациялауға арналған боксталған үй-жайда сақталмайды. Сынамалар реакциялық қоспаны дайындауға арналған бөлмеде сақталмайды.