Мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды

Мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша семинар-кеңес ұйымдастырылды

Жоғарғы тұрған органның тапсырмасына сәйкес және Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологииялық бақылау департаментінің жылдық жоспарына сәйкес,  қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында семинар-кеңес ұйымдастырылды.

 

Семинар-кеңеске аудандық басқармалардан: басшы орынбасарлары, профильді бөлімдердің басшылары және жауапты қызметкерлер шақырылды.

 

Департаменттің бірқатар құрылымдық бөлімшелері басшылары мемлекеттік бақылау және қадағалау, оның ішінде тексерулер, профилатикалық бақылау, ерекше бақылау және қадағалау, тергеп-тексерулер, әкімшілік іс жүргізу мәселелері туралы баяндап жасап, түсіндірді.

 

Сондай-ақ, санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу, өндірістік бақылауды жүзеге асыру және «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» АЖ пайдалану бойынша кеңінен түсіндірілді.

 

Семинар-кеңес соңында аудандық басқармалардың қызметкерлерінің сұрақтарына жауаптар беріп, бұзушылықтың алдын алу мақсатында оларға бірқатар ұсынымдар беріліп, өзекті проблемалық мәселелерге талқылау жасалды.