
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологииялық бақылау департаменті басшысының тапсырмасына сәйкес, ведомствоаралық әрекеттесуді күшейту мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілдері шақырылды.
Іс-шара барысында техникалық регламент және техникалық реттеу мәселелері талқыланып, туындаған мәселелерді шешу жолдары бойынша пікір алмасу болды.
Дөңгелек үстелге сондай-ақ аудандық басқарма басшыларының орынбасарлары, бөлім басшылары және жауапты қызметкерлері қатысты.