Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтау

Құрметті достар!

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы бәріңізді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздері күні ретінде тойланады.

Ту, Елтаңба, Әнұран - біздің ұлттық игілігіміз, ел тарихына деген терең құрмет.