
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының тапсырмасына сәйкес, азаматтың өтініші бойынша көшпелі қабылдау ұйымдастырылды.
Басшы орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова мен бірқатар жауапты қызметкерлер азаматтың арызы бойынша мекенжайға келіп, мәселенің мән-жайымен танысып, шешу жолдарын қарастырды.
Қабылдау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес, енді әрі қарай азаматпен оның өтініші негізінде жазбаша түрде тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.