
Қазіргі таңда зиянды химиялық заттармен немесе радиоактивті ластану қаупі бар ортада жұмыс істеу жоғары деңгейдегі жеке қорғаныс құралдарын талап етеді. Олардың ішінде ең маңыздысы – арнайы қорғаныс костюмдері.
Арнайы костюмдер - бұл жай ғана киім емес, бұл агрессивті химиялық заттардан, улы газдардан және радиоактивті шаңнан қорғайтын жоғары технологиялық кедергі (барьер):
- химиялық қорғаныс костюмдері: түрлі қышқылдар мен сілтілердің теріге тиюінен сақтайды.
- радиациялық қорғаныс костюмдері: радиоактивті бөлшектердің тыныс алу жолдарына және денеге түсуіне жол бермейді (әсіресе альфа және бета сәулелену кезінде).
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне және қолданыстағы санитариялық қағидаларға (№ ҚР ДСМ-102 бұйрығы) сәйкес, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қорғаныс құралдарын тиімді пайдалану үшін келесі жайттарға назар аударуды ұсынады:
Кез келген қорғаныс костюмі тек тиісті тыныс алу органдарын қорғау құралдарымен (противогаз немесе респиратор) бірге қолданылғанда ғана толық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді