Жазғы уақытта инфекциялардың алдын алу шаралары туралы брифинг өтті

Жазғы уақытта инфекциялардың алдын алу шаралары туралы брифинг өтті

Ағымдағы жылдың 12 мамырында Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жазғы инфекциялардың алдын алу шаралары туралы брифинг ұйымдастырылды.

Брифингте Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова жазғы уақытта инфекциялардың алдын алу шаралары туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, Департаменттің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімінің басшысы Жайдаркул Аскановна Отарбекова жедел ішек инфекцияларына тоқталып, алдын алу және сақтану шаралары туралы баяндама оқыды.

Сонымен қатар Департамент өкілдері аурудың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар және сақтық шаралары жөнінде бірқатар ұсынымдар берді.

Сондай-ақ, брифинг соңында спикерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына толықтай жауаптар берді.

Брифингтің толық нұсқасын https://www.youtube.com/live/h4noBopmsrM?si=YBCVs8SfpQgU0xDp сілтемесі арқылы көре аласыздар