
Ағымдағы жылдың 6 мамырында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің әйелдер ұжымы ер-азаматтарды «7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» мемлекеттік мерекесімен құттықтап, зор құрмет көрсетті.
Жұмыс күнінің басынан бастап әйелдер ер-азаматтарды құрметпен қарсы алды. Түскі үзіліс уақытында саябақта тимбилдинг ұйымдастырылды.
Онда ойындар ұйымдастырылып, әйелдер ер-азаматтарға жылы тілектерін білдіріп, ерен еңбектері үшін алғыс айтты.
Департамент басшысы, Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы да құттықтау сөз сөйлеп, жылы және әсерлі іс-шарасына ұйымдастырғаны үшін әйелдер ұжымына ризашылығын білдірді.