«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» қарсаңында «Қызметкерлер жайлы» айдары

«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» қарсаңында «Қызметкерлер жайлы» айдары

Төрехан Әмиұлы Әбдікәрімов 1966 жылы 31 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген.

 

1991 жылы Қызылорда қаласындағы медициналық училищені «фельдшер» мамандығы бойынша, 2012 жылы Алматы қаласы үздіксіз білім беру университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2021 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғарғы мектебі» Қазақстандық медицина университетін «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітірген.

 

Еңбек жолын 1983 жылы Қызылорда облысында «Қазақстанның 30 жылдығы» атты шаруашылығында бастаған.

 

1991 жылдан 1996 жылға дейін Қызылорда қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінде эпидемиолог және санитарлық дәрігердің көмекшісі болып қызмет атқарды.

 

1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жүйесінде жұмыс жасап келеді.

 

Соңғы жұмыс орны - Алматы қаласының Наурызбай ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау, техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы. Жалпы еңбек өтілі - 36 жыл.

 

Төрехан Әмиұлы көп жылдық еңбек өтілі бар, мейірімді әрі көңілді мамандардың бірі болып табылады.

 

Жұмыста жеткізген жетістіктері үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен және әр түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.