«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» қарсаңында «Қызметкерлер жайлы» айдары

«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» қарсаңында «Қызметкерлер жайлы» айдары

Дархан Алдоңғарұлы Сисенов 1969 жылы 29 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген.

 

1988 жылы Қызылорда медициналық училищесін «фельдшер» мамандығы бойынша бітірген, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «гигиенист-эпидемиолог дәрігері» мамандығы бойынша бітірген.

 

Еңбек жолын 1988 жылы Қызылорда облысы, Сырдария орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем фельдшері болып бастаған.

 

1998 жылдан 2019 жылға дейін Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі жүйесінде әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық лауазымдарында жұмыс істеді.

 

2019 жылдан 2024 жылға дейін Алматы қаласының Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

 

2024 жылдың сәуірінен бастап Алматы қаласының Жетісу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылады. Жалпы еңбек өтілі 38 жылды құрайды.

 

Дархан Алдоңғарұлы – өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби білімі терең, ұжымда беделі жоғары, салмақты, ұлтжанды маман.

 

Оның көп жылғы мінсіз еңбегі мен жоғары нәтижелері түрлі ведомстволар тарапынан берілген алғыс хаттар мен грамоталар арқылы лайықты бағасын тапқан.