«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» қарсаңында «Қызметкерлер жайлы» айдары

«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» қарсаңында «Қызметкерлер жайлы» айдары

Әбілқасым Аманжолұлы Елепберген 1987 жылы 23 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

 

2012 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «дәрігер-гигиенист, эпидемиолог» мамандығы бойынша, 2020 жылы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде «қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша, ал 2022 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 

 

Еңбек жолын 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының Бостандық ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бас маман лауазымында атқарып келеді. Жалпы жұмыс өтілі - 14 жыл.

 

Әбілқасым Аманжолұлы өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бағыты бойынша көп жылдық еңбегі бар кәсіби маман болып табылады.

 

Бұдан бөлек, жұмыстан тыс уақытта ұйымдастырылатын қоғамдық, спорттық, мәдени іс-шараларға белсенді түрде қатысады.

 

Жұмыста жеткізген жетістіктері үшін әр түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.