«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» қарсаңында «Қызметкерлер жайлы» айдары

«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» қарсаңында «Қызметкерлер жайлы» айдары

Тахир Ахатұлы Чембулатов 1983 жылы 20 ақпанда  Алматы қаласында дүниеге келген.

 

2008 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «дәрігер гигиенист-эпидемиолог» мамандығы бойынша бітірген. 

 

Еңбек жолын 2007 жылдан бастап осы уақытқа дейін Бостандық ауданының  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында жұмыс жасап келе жатыр. Жалпы еңбек өтілі - 19 жыл.

 

Жұмыс барысында, спорттың шахмет түрінен жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, сыпайы, мәдениетті мемлекеттік қызметші ретінде үлгі болып жүр.

 

Осы жетістіктері үшін әр түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен, грамоталарымен марапатталған.