
Рүстем Болатұлы Бейсенғалиев 1969 жылы 28 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.
1986 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, оны «стоматология» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы бастап Алматы қаласының Ленин (қазіргі Жетісу), Совет (қазіргі Алмалы) аудандық ішкі істер бөліміндерінің күзет қызметінде жұмыс істеген.
1992 жылдан 2008 жылға дейін №170 балабақшада, Фрунзе (қазіргі Медеу ауданы) ауданы туберкулезге қарсы диспансерінде, Әуезов ауданының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінде, Орталық қалалық клиникалық ауруханасында, Балалар қалалық клиникалық ауруханасына әр түрлі лауазымдарда қызмет жасаған.
2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының Әуезов ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында еңбек етіп келеді. Жалпы еңбек өтілі - 36 жыл.
Еңбектегі жетістіктері үшін түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталған.