«7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» қарсаңында «Қызметкерлер жайлы» айдары

«7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» қарсаңында «Қызметкерлер жайлы» айдары

Әсембек Батырбекұлы Байболдиев 1960 жылғы 4 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

 

1982 жылы Алматы гидромелиоративтік техникумын «гидромелиорация» мамандығы бойынша, 1989 жылы Серго Орджоникидзе атындағы Ресей мемлекеттік геологиялық барлау университетін «пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы» мамандығы бойынша, 2006 жылы Каспий қоғамдық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

 

Еңбек жолын 1979 жылы Алматы ғылыми-зерттеу институтында тау-кен инженерінің көмекшісі болып бастаған. Кейін Фрунзе қаласында «Киргизгеология» ұйымында тау-кен инженері қызметін атқарған.

 

1989 жылдан бастап 2008 жылға дейін Алматы қаласындағы жергілікті атқарушы органдарында, сондай-ақ геология, құрылыс, егіншілік, ауыл шаруашылығы, коммуналдық шаруашылық сияқты түрлі салаларда еңбек еткен тәжірибелі азамат.

 

2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласының Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында шаруашылық меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі – 47 жыл.

 

Қарапайым лауазымына қарамастан Әсембек Батырбекұлы ұжымда абыройлы, жастарға бағыт-бағдар көрсететін және қоғамдық, спорттық, мәдени іс-шараларға белсене қатысатын қызметкер болып табылады.

 

Еңбектегі жетістіктері үшін түрлі ведомстволардың алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталған.