
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балалар тағамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету халық денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін хабарлайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) актілеріне сәйкес балалар тағамы өнімдері өндірістен бастап оны өткізу және тұтынуға дейінгі барлық кезеңдерде қатаң санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жатады.
1. Балалар тағамының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар келесі құжаттармен белгіленген:
- КО ТР 021/2011 «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»;
- КО ТР 022/2011 «Тағам өнімдерін таңбалау бөлігінде»;
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің тамақтану объектілері мен өнімдеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды реттейтін бұйрықтары.
2. Балалар арасында тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мыналарды ұсынады:
- балалар тағамын тек сенімді жеткізушілерден сатып алу;
- таңбалануы және тиісті құжаттары жоқ өнімдерді пайдаланбау;
- сақтау және дайындау шарттарын сақтау;
- қауіпсіз ауыз суды пайдалану;
- сапасыз өнім анықталған жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың аумақтық органдарына жүгіну.
Осылайша, КО ТР техникалық реттеу жүйесі балалар тағамының қауіпсіздігін шикізаттан бастап оны өткізуге дейін кешенді бақылауды қамтамасыз етеді. Ерекше маңызға дұрыс таңбалау ие, ол тұтынушыға өнім туралы нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді және ЕАЭО нарығында өнімнің қадағалануын қамтамасыз етеді.