Жұмыс орнындағы дірілдің денсаулыққа әсері

Жұмыс орнындағы дірілдің денсаулыққа әсері

Еңбек қызметі барысында қызметкерлердің дірілмен (вибрация) тікелей байланыста болуы денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Діріл - бұл механикалық тербелістер, олар адам ағзасына физикалық фактор ретінде әсер етіп, «діріл ауруы» деп аталатын кәсіптік дертке әкеледі.

 

Дірілдің адам ағзасына әсері:

 

  1. Жергілікті діріл: Қол құралдарымен (перфоратор, бұрғы, ара) жұмыс істегенде туындайды. Бұл қолдың қанайналымының бұзылуына, сезімталдықтың жоғалуына және буын ауруларына әкеледі.

 

  1. Жалпы діріл: Көлік құралдарын басқару немесе ауыр техникада жұмыс істеу кезінде бүкіл денеге әсер етеді. Бұл омыртқа жүйесінің, вестибулярлық аппараттың және ішкі мүшелердің жұмысын бұзады.

 

Алдын алу шаралары:

 

  1. Техникалық бақылау: Діріл деңгейі жоғары жабдықтарды үнемі тексеріп, техникалық қызмет көрсету.

 

  1. Жеке қорғаныс құралдары: Дірілге қарсы арнайы қолғаптар мен аяқ киімдерді пайдалану.

 

  1. Жұмыс режимі: Жұмыс пен демалыс уақытын қатаң сақтау, дірілмен байланысты жұмыс ұзақтығын шектеу.

 

  1. Медициналық тексеріс: Қызметкерлерді міндетті түрде жыл сайынғы медициналық қарап-тексеруден өткізу.

 

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жұмыс берушілерді еңбек қауіпсіздігі нормаларын сақтауға және қызметкерлердің денсаулығын қорғауға шақырады.