
2026 жылғы 16 сәуірде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлының төрағалығымен ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери медицина орталығының біліктілікті арттыру курс тыңдаушыларына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Департаменттің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас мамандары Ғазизы Қуатқызы Сүлеймен мен Мақпал Жүзбайқызы Баратова эпидемиологиялық бақылаудың негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндіріп, инфекциялардың алдын алуда стерилизация талаптарын қатаң сақтау аса маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, қатысушылар медициналық ұйымдарда инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тиімді салааралық маңыздылығына ерекше тоқталып, тәжірибелік ұсыныстарымен бөлісті.
Іс-шара соңында тыңдаушылар белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Мамандар тарапынан барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар беріліп, мазмұнды пікір алмасу өтті.