Полиомиелит пен жіті енжар параличке эпидемиологиялық және зертханалық бақылау мәселелері бойынша семинар өтті

Полиомиелит пен жіті енжар параличке эпидемиологиялық және зертханалық бақылау мәселелері бойынша семинар өтті

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының бұйрығына сәйкес, басшының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалығымен медициналық ұйымдардың қызметкерлері мен аудандық басқармалардың мамандарына арналған қалалық семинар өткізілді.

 

Семинарға медициналық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ аудандық басқармалардың жауапты мамандары мен басшылары қатысты.

 

Іс-шара барысында Департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Алмаш Сәрсембайқызы Ахметова полиомиелит пен жіті енжар салдануға эпидемиологиялық, зертханалық қадағалауды ұйымдастыру жайында санитариялық-эпидемиологиялық және профилактикалық іс-шараларды жүргізуге қойылатын талаптар туралы баяндама жасады.

 

Сонымен қатар, нысаналы топтар арасында полиомиелитке қарсы жоспарлы иммундаумен қамтуды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

 

Қорытындылай келе, қатысушылар халық арасында вакцинацияның маңыздылығын арттыру мақсатында санитариялық-ағарту жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтіп, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын қарастырды.