Алматы қаласында салааралық ынтымақтастықты нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды іс-шара өтті

Алматы қаласында салааралық ынтымақтастықты нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды іс-шара өтті

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери медицина орталығының біліктілікті арттыру курсының тыңдаушыларының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

Іс-шара барысында Департаменттің инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің басшысы А.С. Ахметова мен бас маман Б.М. Нұрғалиева инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастырудың өзекті мәселелерін жан-жақты баяндап, тәжірибелік ұсынымдарымен бөлісті.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу мен олармен күресте салааралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, вакцинация профилактикасы саласында тәжірибе алмасудың өзектілігіне назар аударылды.

 

Іс-шара соңында тыңдаушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Мамандар тарапынан барлық сұрақтарға толық әрі түсінікті жауаптар берілді.